Жеңіл атлетикадан Шымкент қаласының ашық чемпионаты өтуде

Жеңіл атлетикадан Шымкент қаласының ашық чемпионаты өтуде

Жаңа жыл қарсаңында жеңіл атлетикадан Шымкент қаласының ашық чемпионаты өз жалауын желбіретті. Бұл дода жылды спорттық жетістіктермен қорытындылап, жаңа жеңістерге жол ашатын маңызды шара болып табылады.

Жеңіл атлетика – спорт әлеміндегі ең мәртебелі бағыттардың бірі. Аталған чемпионатқа Шымкент қаласынан 240-қа жуық жас атлет қатысып, өз шеберліктерін шыңдады. Жарыс барысында спортшылар жылдамдық, төзімділік, күш және рухты сынап көрді.

Жарысқа қатысушылар үш жас ерекшелігі бойынша бақ сынап, әрбір секунд пен әрбір қадам үшін бар күш-жігерін жұмсады. Сайыстың бас хатшысы Лариса Михайлова чемпионаттың жас спортшылардың шеберлігін арттыруға және үлкен спортқа жол ашуға ықпал ететінін атап өтті.

Шымкент қаласының ашық чемпионаты аясында жеңіл атлетиканың бірнеше түрі бойынша үздіктер анықталды. Бұл шара спортшылардың дамуына серпін беріп, қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстарға дайындыққа тың серпін қосуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылау жүйесін қайта құруда. Биылғы бірінші тоқсанда...

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес...

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...