Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді

Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбековпен, Alstom Kazakhstan басқарушы директоры Жером Бойемен және Polpharma Santo («Химфарм» АҚ) бас директоры Адам Алексеюкпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

«Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасымен кездесуде өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелері және инвестициялық компаниялармен сенімді диалогты одан әрі дамыту шаралары талқыланды. Еліміз үшін стратегиялық маңызға ие инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға баса көңіл бөлінді. Сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы 38-ші жалпы отырысының дайындық барысына назар аударылды.

Alstom Kazakhstan басшылығымен келіссөздер темір жол машинасын жасау саласын дамыту мәселелеріне және «Электровоз құрастыру зауыты» кәсіпорнының дайын өнім экспорты нарығын кеңейту перспективаларына арналды. Бүгінгі таңда зауытта өндірісті локализациялау деңгейі 10%-дан 35%-ға дейін өсті.

Polpharma Santo бас директорымен фарминдустрия саласындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы қаралды. «Химфарм» АҚ дәрілік заттардың негізі болып саналатын қазақстандық белсенді фармацевтикалық ингредиенттердің 80-нен астам атауын шығаруды көздейді. Жоба Қазақстанның дәрі шығару өндірісіндегі тәуелсіздігін нығайтуға, саланың орнықты дамуы мен инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Польшалық Polpharma Group компаниясының Қазақстан экономикасына салған инвестициясының жалпы көлемі $130 млн-нан асады, 800-ден астам жұмыс орны құрылған. Компания портфелінде терапияның әртүрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармацевтикалық топты қамтитын 280-ден астам балама препарат бар.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық министрліктер мен жауапты ұйымдарға инвесторлар айтқан мәселелер мен ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылау жүйесін қайта құруда. Биылғы бірінші тоқсанда...

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес...

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...