Редактор «Nur Otan»: Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 103 мыңнан астам адам жүгінген «Nur Otan»: Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 103 мыңнан астам адам жүгінген Ел тұрғындары «Nur Otan» партиясына түрлі мәселелермен келеді. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауларға 103,5 мың азамат өтініш білдіріп, партия мүшесі болып табылатын мемлекеттік органдардың басшылары 19,8 мың қабылдау өткізді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Мәселен, Шымкент қаласының тұрғыны Р.Розиев партияға Тұрдыабад тұрғын алабында жолдың жоқтығына шағымданды. «Nur Otan» партиясының Еңбекші аудандық филиалы бұл шағымды жедел назарға алып, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар қысқа мерзім ішінде жалпы ұзындығы 2,9 км болатын жолға асфальт төседі. Партия алаңында онлайн форматта өткен қабылдау барысында Алматы қаласының тұрғыны Е.Әділбеков Ақжар шағын ауданындағы Лашын және Берел көшелеріне инженерлік желілер жүргізу мәселесін көтерді. Қала әкімдігінің өкілдері аталған көшелерге сумен жабдықтау желілері биыл салынып, ал су бұру желілерінің құрылысы келесі жылдың жобасына енгізілетінін айтып сендірді. Сондай-ақ, Алматы қаласында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдаған нұротандықтар 3 топтағы мүгедек, жалғызбасты ана Р.Мырзалиеваға жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Жалғызбасты ананың тұрып жатқан жатақханасында ылғалдың салдарынан қабырғалары көгеріп, ыза тартқан. Оның баспанасына партия мүшелерінің көмегімен 1 млн теңгеден астам қаражатқа электр монтаждау және әрлеу жұмыстары жүргізілді. Қостанай облысы Б.Майлин ауданындағы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Әйет ауылының тұрғындары 10 жылдан астам асфальт төселмеген Омаров көшесін абаттандыру мәселесін алға тартты. Партия мүшелерінің араласуынан кейін ауылдағы аталған көшенің жолына орташа жөндеу жүргізілді. Қарағанды облысының Балқаш қаласында бағбандық және саяжай қоғамының 45 мүшесі желідегі апат салдарынан үзіліп қалған электр энергиясын қосуға көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Нәтижесінде осы жылдың 27 шілдесінде коммуналдық кәсіпорын электр беру желілеріндегі апатты жою бойынша барлық шараларды қабылдап, бағбандық және саяжай қоғамы электр желісіне қосылды. Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты. Бүгінде 103,5 мың өтініштің 43%-ы жедел шешіліп, 54%-ы бойынша консультативтік, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді, қалған 3%-ы орындалу үстінде. Алдыңғы жаңалық «Nur Otan» партиясының Жол картасын іске асыру Үкіметтің ерекше бақылауында - Асқар Мамин Келесі жаңалық «Caravan of Knowledge» ұжымдық қоры STEAM SARVARLAR cтелласын табыстады. 40 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды Play «Мен тасада қала бастадым»: Димаш Құдайбергеннің продюсері ретінде танылған Алпамыс қазір қайда жүр? Тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылуда Құрылыста отандық өнімнің үлесі басым Сіз білесіз бе?
Азия Пара ойындарының жеңімпаздары Түркістанға оралды Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен V Азия Пара ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған Түркістан облысының спортшылары туған...
Түркістан облысында мақта өңдеу саласында тағы 2 зауыт ашылды Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Отырар ауданы...
Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңі басталды Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Терең тарихтан – жарқын...
Облик Туркестана начинается с каждого жителя Глава государства Касым-Жомарт Токаев на первой сессии Народного Совета Казахстана неоднократно подвергал жесткой критике качество дорог в стране и...
Түркістанның келбеті – түркістандықтан басталады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында елдегі жол сапасы мен оның бойындағы инфрақұрылымның, соның...
Түркістан: Арыстағы Байырқұм ауылында спорт ғимараты ашылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты дамытуға, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға және жастарға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріп...