10-тамыз – хакім Абай күні!

10-тамыз – хакім Абай күні!

Былтырдан бастап 10-тамыз Абай күні деп белгіленген. Бұл дата қазақтың бас ақыны, ағартушысы, жазушысы Абай Құнанбайұлының құрметіне белгіленген. Бұл күнде қалың қазақ елін қаталдықпен емес, қаламынан шыққан туындылары арқылы қамшылаған хакім Абай шығармаларын барынша насихаттау мақсатында түрлі шаралар атап өтіледі. Ұлы ақынның асыл сөздері ұран етілген сол шараларда біз хакім Абайдың артына өшпестей із қалдырып кеткен асыл тұлға екеніне тағы бір көз жеткіземіз. Соның бірі оның он жылға жуық уақыт бойы жазылған қырық бес қара сөзі.

Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазылса да оның әрбір қара сөзінде айтылған ой мен терең талдау әлі күнге дейін маңыздылығын жоймаған. Мысалы, Абай Құнанбайұлының төртінші қара сөзіндегі «Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деген сөзі соның жарқын мысалы. Осы бір сөз жолдарынан-ақ ойшыл ақынның көкірек көзі ашық дара тұлға болғанын түсіну қиын емес. Ендеше қазақтың маңдайына біткен шоқтығы биік асыл тұлғаның есімін ардақ тұтып қана қоймай, шығармаларын да оқып, көңілге тоқып жүрейік, деп хабарлайды no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан негізгі су...