Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Жапония, Токио қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді.

Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.

Мемлекет басшысы мен Император өзара ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Аймақтық экологиялық саммит - 2026 іс-шарасына қатысу үшін Астанаға келген қытайлық...