Түркістан облысында су ресурстарын тиімді басқару және ауыл экономикасын нығайту бағытындағы кешенді саясат нәтижесін беруде

Түркістан облысында су ресурстарын тиімді басқару және ауыл экономикасын нығайту бағытындағы кешенді саясат нәтижесін беруде

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу мен ауылдық аумақтардың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының су ресурстарын тиімді пайдалану, агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл халқының әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Соның айқын дәлелі – облыстың су үнемдеу технологияларын енгізу көрсеткіштері мен «Ауыл аманаты» жобасының нақты нәтижелері.

Осы мәселелерге арналған кеңейтілген мәжіліс Түркістан облысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың жұмыс сапары барысында өтті. Жиында алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығындағы жаңа тәсілдерді енгізу мәселелері жан-жақты талқыланды. Вице-премьер су тапшылығының бүгінде тек ауыл шаруашылығына ғана емес, жалпы халықтың өмір сүру сапасына және экономиканың тұрақты дамуына тікелей әсер етіп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты су үнемдейтін технологияларды кеңінен енгізу, ирригациялық жүйелердің жай-күйін бақылау және су ресурстарын заңсыз пайдаланудың алдын алу қажеттігіне ерекше мән берілді.

Мәжіліс барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде су үнемдеу саясаты нақты істермен бекітіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Түркістан – аграрлы өңір ретінде суға тәуелді аймақтардың бірі болғандықтан, мұнда заманауи суару әдістерін енгізу стратегиялық маңызға ие. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста су үнемдейтін технологияларды қолдану, су нысандарын реттеу және ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар үздіксіз жалғасып келеді. Бұл тек су тапшылығының алдын алуға емес, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруға да мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінде Түркістан облысы су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша республика көлемінде көшбасшы өңірлердің қатарына шықты. Алғашқы жоспар бойынша биыл 27 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу көзделгенімен, нақты көрсеткіш екі еседен астам артып, 59 мың гектарды құрады. Оның басым бөлігі – тамшылатып суару жүйесі, ал қалған аумақтарда жаңбырлатып суару әдісі қолданылды. Жалпы алғанда, қазіргі таңда облыста 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілген. Соның нәтижесінде 195 миллион текше метр су үнемделді.

Бұл көрсеткіштер өңір үшін айрықша маңызға ие. Себебі су үнемдеу тек табиғи ресурсты сақтау ғана емес, сонымен қатар өндіріс шығындарын азайтып, өнім көлемін арттыруға жол ашады. Облыста мақта мен күріш сияқты су көп қажет ететін дақылдарды өсіруде жаңа технологияларды қолдану арқылы артық өнім алынуы – осы саясаттың тиімділігін көрсетеді. Алдағы жылдары бұл жұмысты одан әрі кеңейту көзделіп отыр. Жыл сайын кемінде 50 мың гектарға су үнемдеу технологияларын қосымша енгізу арқылы 2030 жылға қарай 364 мың гектар алқапта заманауи суару әдістерін қолдану жоспарланған. Бұл өз кезегінде 622,8 миллион текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірде арнайы өндіріс орындары да іске қосылған. Қуаттылығы 163 мың гектар алқапты қамтитын төрт кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар 2026 жылы тағы екі жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Бұл өндірістер ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын жабдықтарды жергілікті жерде өндіруге, импортқа тәуелділікті азайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысына да ерекше назар аударылды. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, табысын арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. 2023–2025 жылдар аралығында Түркістан облысына осы жоба аясында республикалық бюджеттен 30,2 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражат есебінен мыңдаған жоба қаржыландырылып, шағын кәсіпкерлік айтарлықтай дамыды. Жылыжай кешендері салынып, мал басы көбейіп, қайта өңдеу кәсіпорындары іске қосылды. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайды.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын енгізу мен «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп отыр. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және ауыл халқының өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді саясаттың нақты көрінісі болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...