Шымкентте соңғы үш жылда коммуналдық төлем бағасы төмендеген

Шымкентте соңғы үш жылда коммуналдық төлем бағасы төмендеген

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы филиалы департаментінің басшысын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Департамент басшысы тарифтерді тұрақтандыру бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыс жөнінде баяндады. Оның айтуынша, Шымкент қаласында 75 қызмет түрі бойынша 59 табиғи монополия субъектісі енгізілген. Олар электр энергиясын және газ тасымалдау, жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру қызметі, кірме жолдары бағытында жұмыс жасайды.

2019 жылдан бастап кейбір коммуналдық тарифтердің төмендеуі байқалады. Жылумен жабдықтау 2018 жылы 142,31 тг болса, соңғы үш жылда 110,78 тг болып тұрақталған. Сумен жабдықтау 97,97 тг болса, қазір 88,17 тг. Суды бұру 39,03 теңгеден 35,13 теңгеге түскен. Газбен жадықтау үш жыл алдын 34,47 тг, қазір 31,59 тг болған. 2019-2021 ж. коммуналдық тарифтерді төмендеуі нәтижесінде тұтынушылардың үнемделген қаржылары 9,76 млрд.теңге құрап, тұрғындарға кері қайтарылған.

Осы жарты жылдықта тұрғындардың арыздары бойынша жоспардан тыс 10 тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 51 нұсқама енгізіліп, 23 әкімшілік құқықбұзушылық қозғалған. Оларға 41,9 млн.тг. айыппұл салынып, тұтынушылардан артық алынған 3,39 млн.теңге толық қайтарылды дейді сала басшысы.

«Табиғи монополия туралы» ҚР Заңға сәйкес, тариф бес және одан көп жыл мерзімге белгіленеді. Осыған орай бекітілген тарифтердің мерзімі бітуіне байланысты – 3 табиғи монополияның 2021-2026 жылдарға жаңа тарифтері бекітілгенін жеткізді. Департамент тарапынан 2019 жылдан бері 1 миллионнан аса адамның құқығы қорғалған.

Департамент жұмысына қаныққан Шымкент әкімі монополист мекемелермен келіссөздер жүргізіп, баға тұрақтылығын сақтауды және оларға бақылауды күшейтуді тапсырды. «Айкөмек-109» орталығына келіп түсетін арыз-шағымдардың басым бөлігі де осы коммуналдық қызметке қатысты болғандықтан, сапалы қызмет көрсетуге барынша назар аудару қажеттігін айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...