Жастардың мүмкіндіктерін кеңейтетін ақпараттық алаң Болашақ колледжінде ұйымдастырылды

Жастардың мүмкіндіктерін кеңейтетін ақпараттық алаң Болашақ колледжінде ұйымдастырылды

Шымкент қаласында жастарды қолдау мен олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған «Жастардан жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында кезекті мазмұнды кездесу өтті. Бұл жолы ақпараттық шара Шымкент қаласындағы Болашақ колледжінің базасында ұйымдастырылып, студент жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен қаржылық сауаттылық бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру және олардың болашаққа деген сенімін нығайту.

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман, Болашақ колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Серікқызы Сұрашова, Отбасы банкінің қаржы кеңесшісі Әлия Ералыевна Ізбасарова, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Әл-Фараби ауданы бойынша мансап орталығының басшысы Нұрбол Мұратұлы Шымкентбаев қатысты. Кездесуге колледж студенттері белсенді түрде қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Кездесу барысында жастарға мемлекет тарапынан ұсынылатын қолдау тетіктері, жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар және кәсіби бағдар мәселелері кеңінен түсіндірілді. Спикерлер жастардың еңбек нарығына бейімделуі, алғашқы жұмысқа орналасу жолдары және мансаптық дамуға қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті. Әсіресе, жастардың өз әлеуетін дұрыс бағалап, нақты мақсат қоюы болашақта табысты болудың басты алғышарты екені айтылды.

Қаржылық сауаттылық тақырыбы да кездесудің маңызды бөлігін құрады. Отбасы банкінің өкілі жастарға жеке қаржыны басқару, жинақтау мәдениеті, тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері туралы нақты мысалдар арқылы түсіндірме жүргізді. Қаржылық жоспарлау дағдысы ерте жастан қалыптасса, бұл болашақта әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Жастарға несие алу кезінде жауапкершілікпен қарау, табыс пен шығынды дұрыс үйлестіру жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Сонымен қатар, мансап орталығының өкілі жастарға жұмыс іздеу тетіктері, бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау шаралары мен цифрлық платформалар арқылы қызмет алу жолдары туралы мәлімет ұсынды. Бұл ақпарат студенттер үшін тәжірибелік тұрғыда маңызды болып, олардың еңбек нарығына бейімделуіне көмектесетін нақты бағыт-бағдар берді.

Кездесу соңында қатысушылар мұндай ақпараттық шаралардың жастар үшін аса қажет екенін айтып, өз пікірлерін білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жастардан жастарға ақпараттық керуен» жобасы алдағы уақытта да Шымкент қаласының басқа да білім беру ұйымдарында жалғасын табады. Бұл бастама жастардың білімін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы белсенді әрі жауапты азамат ретінде қалыптасуына ықпал етуді көздейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...