Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановты Татарстан Республикасының Раисы болып қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын, еліміз бен Татарстан өңірлерінің өзара тиімді серіктестігін нығайтуға белсене атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– 12 қараша күні Мәскеуге мемлекеттік сапармен барамыз. Бұл екі ел қарым-қатынасындағы айтулы кезең деп санаймыз. Ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін беретін маңызды құжаттарға қол қойылады. Сіздің Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын аралап келгеніңізді білемін. Қазақстан аумағында кәсіпорындар ашуға қатысты жоспарыңыз бар. Біз Татарстаның Қазақстандағы барлық бастамасын қолдаймыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы машина жасау, мұнай-газ химиясы және оған қажетті бөлшектер шығару салаларында табысты ықпалдастық орнағанын атап өтті.

Президент «КамАЗ» және «Татнефть» компанияларымен бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән беру қажет деп санайды.

Рустам Минниханов Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бизнес, өнеркәсіп, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...