Биыл Түркістан облысының өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады

Биыл Түркістан облысының өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады
Отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында Түркістан облысының барлық аймағында «Шағын өндірістік парк» жобасы іске асырылуда. Облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаң құрылды. Аумағы - 238 га. Жоба аясында 248 ғимарат салып, 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңға 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын өндірістер ашылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент хатта ҚХР Төрағасының Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты...

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президентін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама...