Қанат Бозымбаев пен Азия даму банкі басшылығы Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады

Қанат Бозымбаев пен Азия даму банкі басшылығы Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия өңірі бойынша Бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында сумен жабдықтау, су бұру, энергетикалық жүйеге көшу, апаттық тәуекелдерді сақтандыру және басқа да бағыттар бойынша инвестициялық жобалар талқыланды.

Су ресурстары және ирригация министрлігі АДБ-мен бірлесіп Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Есіл контрреттегішін салуды қаржыландыру мәселелерін пысықтап жатыр. Сондай-ақ Жезқазған, Сәтбаев, Степногорск және Балқаш қалаларында кәріз-тазарту нысандарын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ Банк өкілдері энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаға қатысуға қызығушылық танытты.

Тараптар ұзақ мерзімді серіктестіктің перспективаларын жоғары бағалап, әрі қарайғы нәтижелі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...