Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта Араб Әмірліктерінің орнықты дамуды қамтамасыз ету мен қауіпсіздікті нығайту жолындағы беделі жаһандық деңгейде мойындалғанын атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Әмірліктер халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...