Еңбек адамы — Рахыманберди Анарбаевич Ешимов елге қызметін білім мен адалдықпен жалғап келеді

Еңбек адамы — Рахыманберди Анарбаевич Ешимов елге қызметін білім мен адалдықпен жалғап келеді

Қоғамның дамуына ықпал ететін ең басты күш – еңбек адамы. Осы ұстанымды өміріне бағдар еткен азаматтардың бірі – Шымкент қаласының Жол-көлік колледжінде көп жылдан бері жастарға білім беріп, олардың құқықтарын қорғауда еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаз, кәсіподақ ұйымының төрағасы Рахыманберди Анарбаевич Ешимов.

1956 жылдың 19 мамырында дүниеге келген ол жастайынан еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен ерекшеленді. 1972 жылы еңбек жолын ПМК-55 кәсіпорнында бастап, кейін ДЭУ-255 мекемесінде жұмыс істеді. Еңбекпен ерте танысу – оның өмірлік бағытын айқындаған маңызды кезеңдердің бірі болды.

1974 жылы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, тарих ғылымын таңдаған Рахыманберди Анарбаевич ұстаздыққа деген шынайы ықыласын дәлелдеді. Институтты аяқтаған соң Сарыағаш ауданындағы «Комсомол» орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде жас буынға білім мен тәрбие берді. Ол шәкірттеріне тек тарихи деректерді емес, елін құрметтеу, жауапкершілік пен әділдік сынды құндылықтарды да дәріптеді.

1982 жылдан бастап Шымкент автомеханикалық техникумында қызмет етті. Ол жерде комсомол комитетінің хатшысы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің төрағасы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы болды. 1990 жылдары техникумдағы партия ұйымының хатшысы ретінде ұжымдағы тәртіп пен ұйымшылдықты нығайтуға үлес қосты.

1992–2004 жылдары колледждің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, оқу үдерісін жетілдіру, студенттердің тәрбиесін күшейту бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Жауапты лауазымда жүрсе де, ұстаздық қызметін жалғастырып, білім беруден ешқашан қол үзген жоқ.

2004 жылдан бастап оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды. Осы қызметінде әр қызметкердің әлеуметтік жағдайына назар аударып, құқықтарын қорғау, еңбек дауларының алдын алу, әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында белсенді еңбек етіп келеді. Оның бастамасымен ұжымда көптеген әлеуметтік-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ғылыми бағытта да үлкен еңбек сіңірді. Тарих және Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, бірнеше әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалардың авторы атанды. «Қазақстан тарихы», «Мәңгілік Ел», «Ерлік – мәңгілік» сияқты еңбектері оқу орындарында кеңінен қолданылады.

Рахыманберди Анарбаевичтің еңбегі еленіп, «Еңбек ардагері» медалі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы және ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хаты сияқты көптеген марапаттарға ие болды. «Кәсіподақ Еңбек ардагері» медалі мен «Алтын төс белгісі» де оның қоғамға сіңірген еңбегінің лайықты бағасы.

Отбасында да үлгілі әке, ұрпағына адамгершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін дәріптеп отырған өнегелі жан. Оның 53 жылдық еңбек жолы мен 27 жылдық кәсіподақтық қызметі — жастар үшін үлкен тағылым мектебі.

Рахыманберди Анарбаевич Ешимов – адал еңбек пен үлгілі ұстаздықтың символы. Ол әрдайым: «Ұстаздың еңбегі – елдің ертеңіне жазылған аманат» деген ұстаныммен өмір сүріп келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...