Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы: жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарлар

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы: жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарлар

Шымкент қаласының әлеуметтік-еңбек саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, еңбек адамдарының құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратын «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын орталықтың мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, еңбек қауіпсіздігі мамандары мен сарапшылар қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне енгізілген негізгі мәселелер – еңбек қатынастарындағы жауапкершілікті күшейту, жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және алдағы кезеңге арналған жоспарларды нақтылау болды.

Алғашқы мәселе ретінде қала мекемелері мен өндіріс орындарында жалақы бойынша берешекке жол бермеу, сондай-ақ еңбек даулары мен өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытындағы шаралар қарастырылды. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеевтің айтуынша, соңғы жылдары кәсіподақ жүйесінің бақылау және алдын алу шараларының арқасында қаланың өндірістік аймақтарында жарақаттану деңгейі төмендеген. Бұл – жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары арасындағы әлеуметтік әріптестіктің нығаюының айқын көрінісі.

Сонымен бірге, қазіргі таңда Шымкент қаласында жалақы қарызының жоқ екені ресми түрде аталып өтті. Бұл көрсеткіш – кәсіподақ ұйымдарының тиімді жұмысының нәтижесі. Төраға еңбекақы мәселесі әрдайым басты назарда болатынын, қызметкерлердің құқықтарын қорғау жұмысы үздіксіз жалғасатынын жеткізді.

Кезекті талқыланған тақырып – 2020–2025 жылдар аралығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы. Баяндамашылар осы кезеңде кәсіподақ қозғалысын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды, еңбек адамының мәртебесін арттыру шараларын, ақпараттық қолдау және құқықтық қорғау бағытындағы жетістіктерді жан-жақты баяндады. Бес жылдық жұмысқа арналған слайдтық материалдар көрсетіліп, оған толықтырулар мен ұсыныстар енгізу мүмкіндігі қарастырылды.

Отырыста қаралған маңызды мәселелердің бірі – жасанды интеллектіні еңбек қатынастарында қолдану болды. Е.Қаңлыбаев қазіргі заман талабы – цифрлық трансформация екенін атап өтті. Құжат айналымын автоматтандыру, статистикалық талдау жүргізу, ақпараттық жұмысты жедел ұйымдастыру – ЖИ жүйесін енгізу арқылы тиімді жүзеге асады. Бұл бастамаға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіліп жатқанын, кәсіподақ ұйымдары да өзгерістерге бейімделуі тиіс екенін айтты.

Келесі қаралған бағыт – «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында семинар-кеңестер өткізу. Жұмысшылардың өндірістік қауіптерден қорғану мәдениетін күшейту, тәжірибелі лекторларды шақыру және ФПРК мамандарын тарту жоспарланды. Семинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілетін болады. Сонымен бірге, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай еңбек қауіпсіздігі саласында үлгілі қызметімен танылған кәсіподақ мүшелерін марапаттау бастамасы ұсынылып, қолдау тапты.

Жиын соңында барлық бағыттар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы еңбек адамын қолдау, әлеуметтік әріптестікті нығайту және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыра бермек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...