Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары арасында Tartyl Fest сайысы өтті

Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары арасында Tartyl Fest сайысы өтті

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері арасында белтемірге тартылудан дәстүрлі Tartyl Fest сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Спорттық шараны әскери жоғары оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков салтанатты түрде ашты. Ол әскери қызметшілердің оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауы және кез келген қиындықты еңсеруі үшін дене дайындығының маңыздылығын атап өтті.

– Tartyl Fest – ерекше сайыс. Бұндай байқау әскери қызметшінің ерік-жігерін дамытып, төзімділікті нығайтады және салауатты дағдылар қалыптастырады, – деді ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы.

Биыл сайысқа 9 команда құрамында 18 қатысушы шықты. Спортшылардың белтемірге тартылуы жеке және командалық есепте бағаланды.

Командалар арасынан үздік нәтиже көрсеткен барлау кафедрасының өкілдері болды. Екінші орын Құрлық әскерлері факультетіне, үшінші орын Әуе қорғанысы күштері факультетіне бұйырды.

Жеке біріншілікте бірінші орынды майор Әсет Үсенов олжалады. Екінші орынды полковник Айдос Шаймерденов, үшінші орынды подполковник Мақсат Жұмағазин еншіледі.

Спорт алаңында қатысушыларға оқытушылар мен Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген магистранттар белсенді қолдау көрсетті.

Жыл сайын өтетін сайыс әскери қызметшілердің дене дайындығын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...