Шымкентте бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу туралы 100-ден астам меморандумға қол қойылды

Шымкентте бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу туралы 100-ден астам меморандумға қол қойылды

Бүгін Шымкентте қала әкімдігі мен кәсіпкерлік субъектілері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар түзілді. Бұл келісімдер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу бағытында қабылданып отыр.

Бұл бастамаға «Грамад», «F-Mart» сияқты ірі сауда желілері, қаладағы азық-түлік базарлары мен ұн, ет, сүт, жұмыртқа, нан-тоқаш сияқты негізгі тағам өндірушілер, сонымен қатар, көтерме жеткізушілер де қосылды.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың айтуынша, меморандумдарға қол қою – бұл бір реттік шара емес, әкімдік пен кәсіпкерлік қоғамдастығы бірге жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстың жалғасы.

«Бизнес жоғары әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп келеді, бүгін біз тағы да бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді растадық. Біздің ортақ міндетіміз – қала тұрғындарын тұрақты бағамен, ашық нарықпен және негізгі өнімдермен қамтамасыз ету. Мұндай келісімдер нақты әсер беріп, азық-түлік нарығындағы кез келген құбылысты дер кезінде бақылауға, әрекет етуге мүмкіндік береді», – деді А.Кәрімов.

Айта кетейік, меморандумдарға 100-ден астам кәсіпкерлік субъектісі қол қойды. Тараптар делдалдық тізбектерді қысқарту, бағаны негізсіз өсірмеу және инфляцияны төмендетуге бағытталған бастамаларды бірге атқаруға келісті.

Бұл қадам Шымкент қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын нығайту бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімдігі бағаларға күнделікті мониторинг жүргізіп, жағдайды кәсіпкерлермен бірлесіп тұрақты бақылауда ұстайды. Осылайша, әкімдік пен бизнес өкілдері қала халқының тұрмыс сапасын жақсартуға ортақ үлес қосуды мақсат етіп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...