Үкіметте Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Үкіметте Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр аустриялық іскер топтарының өкілді делегасиясымен келген Аустрия Республикасы Федералдық Парламенті Ұлттық кеңесінің екінші президенті Петер Хаубнермен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Аустрия қарым-қатынастарын одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты ықпалдастық бойынша пікір алмасты.

Екі ел арасындағы экономикалық, ауыл шаруашылығы, экологиялық, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның, сондай-ақ сауда-инвестициялық әріптестікті нығайтудағы Іскерлік кеңестің шешуші рөлі атап өтілді.

Осы тұрғыда Р.Скляр энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым салаларындағы байланыстарды тереңдету әлеуетіне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Аустрия Федералдық Парламенті Ұлттық кеңесінің екінші президенті Аустрия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары серпінін сақтауға мүдделілік танытты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары аустриялық делегацияны еліміздегі жүргізіліп жатқан реформалар, Еуропа Одағымен қатынастарды кеңейту, экономиканы әртараптандыру бойынша нақты қадамдар, сондай-ақ Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы хабардар етті.

Р.Скляр екіжақты әріптестіктің жоғары деңгейін және ірі аустриялық компаниялардың қазақстандық нарықтағы табысты тәжірибесін атап өтіп, екі ел арасындағы іскерлік белсенділікті кеңейтуге шақырды.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендіктерін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...