Қызылордада инновациялық идеяларды қолдауға бағытталған InnoFest Qyzylorda 2025 басталды

Қызылордада инновациялық идеяларды қолдауға бағытталған InnoFest Qyzylorda 2025 басталды

Қызылорда қаласында аймақтың инновациялық даму әлеуетін арттыруға бағытталған InnoFest Qyzylorda 2025 фестивалі өз жұмысын бастады. Өнер орталығында өткен ашылу рәсіміне ІТ, медиа және кино салаларында жетістікке жеткен мамандар, жас стартап авторлары және талантты жастар қатысты. Шара облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестивальдің басты мақсаты – өңірдің индустриалды-инновациялық дамуына серпін беретін жаңа идеяларды анықтау, ІТ саласына қызығушылығы бар жастардың жобаларын қолдау және қаржыландыруға мүмкіндік жасау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер аймақ экономикасының әртараптануына ықпал етіп, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарының пайда болуына жол ашады.

Ашылу рәсімінде облыс әкімі аппаратының басшысы Әділхан Мұхамедияров қатысушыларды құттықтап, жастардың инновациялық белсенділігін қолдау маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект, Big Data және цифрландыру бағыттары алдағы жылдары өңірдің даму стратегиясының негізгі бөлігіне айналады. Қызылорда экожүйесі цифрлық бастамаларды енгізуге қолайлы аймақ болып саналады, сондықтан мұнда жаңа жобаларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік бар.

Фестиваль шеңберінде жас кәсіпкерлер мен стартап авторлары өз жобаларын таныстырып, тәжірибелі мамандардан кеңес алады. Жүлде қоры 5,4 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар үздік қатысушыларға халықаралық және отандық ІТ университеттерінің гранттары, құнды сыйлықтар ұсынылады.

InnoFest Qyzylorda 2025 аймақтың инновациялық мәдениетін қалыптастыруға, жастардың шығармашылығын дамытуға және индустриалды-инновациялық даму бағытын қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...