Көлік саласы қызметкерлеріне көрсетілген құрмет – адал еңбектің мойындалуы

Көлік саласы қызметкерлеріне көрсетілген құрмет – адал еңбектің мойындалуы

Шымкент қаласында көлік және қалалық жолаушылар тасымалы саласының қызметкерлері кәсіби мерекелері аясында ерекше құрметке ие болды. Қала тұрғындарының күнделікті қозғалысы мен қоғамдық өмірінің үздіксіз жүруі осы сала мамандарының табанды еңбегінің арқасында жүзеге асатыны анық. Қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі саналатын жолаушыларды қауіпсіз, уақытылы және сапалы тасымалдау – үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді.

Осы орайда «Ынтымақ» салалық кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарына қарасты «TTK» ЖШС, «T-Bus» ЖШС және «Радуга-Транспорт» ЖШС ұжымдарының қызметкерлері Республика күні мен Көлік қызметкерлері күніне орай марапатталды. Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы, «Ынтымақ» салалық кәсіподағының төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев жол-көлік саласында үздік қызметімен көзге түскен бірқатар мамандарға Алғыс хаттар табыс етті. Бұл марапаттар олардың кәсіби адалдығын, жылдар бойғы еңбегін және қоғамдық маңызы жоғары салаға қосқан үлесін айқын көрсетеді.

«TTK» ЖШС ұжымынан Кудайбергенов Нурсейт Ашимович, Байділда Тұрғанбай Маралұлы, Жакипбеков Ануар Сайлауович, Ордабаев Болатбек Маселбекович, Маматкаримов Ефрат Султанбекович, Бунядханов Самандар Бунядханович, Асен Ерсұлтан Кеңесбайұлы, Мырзакулов Мият Бекмусаевич, Базаркулов Сагат Смаилович, Якименко Алексей Викторович, Мадалиев Бахадыр Зиятуллаевич, Токбаев Ермек Абдразахович және тағы басқа қызметкерлер марапатқа ие болды.

«T-Bus» ЖШС тарапынан Абдуллаев Бахтияр Абдугаппарович, Бекмурзаев Айдар Еллусинович, Жунисов Бекбол Ибрагимович, Жарасов Гани Аманкулович, Аяпов Кайрат Убайдуллаевич, Есенкулов Канат Серикбаевич, Нуримбетов Нуржан Ирисбаевич, Рысбаева Шолпан Сейтхановна сынды озаттар еңбегі үшін марапатталды.

Ал «Радуга-Транспорт» ЖШС ұжымынан Жолаев Ералы Шеримович, Ералиев Омирбай Есалыулы, Есентаев Бахтиёр Артыкович, Гайфутдинов Рафаиль Шамсутдинович, Каракулов Асхат Есимханулы, Аринбаев Даулет Пардабоевич, Әсет Сүндет Нұрғалиұлы және өзге де еңбекқор мамандар құрметке бөленді.

Жалпы саны 74 қызметкерге көрсетілген бұл марапат – олардың табандылығы мен еңбекке деген адалдығының лайықты бағасы. Әрқайсысы жол-көлік саласының дамуына, қала тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына үлес қосып келетін кәсіби мамандар.

Іс-шара барысында сөз алған Бауыржан Алтеев көлік саласының қоғамдағы маңызын атап өтіп, еңбек адамдарына алғыс білдірді. Оның айтуынша, көлік жүйесі – қаланың тынысы, ал осы бағытта еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жұмысы халық үшін үлкен мәнге ие. Кәсіподақ тарапынан алдағы уақытта да еңбеккерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдауды күшейту жұмыстары жалғасады.

Мерекелік жиында мамандарға жылы лебіздер айтылып, олардың еңбегіне жоғары баға берілді. Көлік саласы қызметкерлерінің еңбегі – тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі ретінде танылып, қоғам тарапынан зор құрметке ие болды. Барлық көлік саласы қызметкерлеріне алдағы еңбектерінде табыс, жолдарының ашық болуын тілейміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ