Еңбегімен елге үлгі болған маман – жауапкершілік пен кәсібиліктің жарқын бейнесі

Еңбегімен елге үлгі болған маман – жауапкершілік пен кәсібиліктің жарқын бейнесі

Шамғали Парманқұлов Мейрамбекұлы – өз ісіне адал, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, талай жылғы тәжірибесімен ерекшеленетін білікті маман. Ол 1976 жылдың 6 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Бабата елді мекенінде дүниеге келген. Бүгінде отбасында бір қыз бен бес ұл тәрбиелеп отырған үлгілі әке. Оның айтуынша, отбасының басты қадірлі құндылықтары – сыйластық, ынтымақ пен тәртіп. Осы қасиеттерді ол жұмысында да ұстанып, ұжымға жағымды атмосфера қалыптастыруға үлес қосып келеді.

Шамғали Мейрамбекұлының еңбек жолы 2003 жылы басталды. Алғашқы қызмет орны – ОАО «Аэропорт Шымкент» авиациялық қауіпсіздік қызметі. Мұнда ол өрт күзеті инспекторы ретінде бес жыл бойы табанды еңбек етті. Бұл кезең оған тәртіптілік, жылдам шешім қабылдау және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастырды. Қауіпсіздік саласындағы тәжірибесі кейінгі кәсіби қызметінде үлкен көмек болды.

2008–2024 жылдар аралығында Шамғали Мейрамбекұлы ТОО «Водоканал-2» мекемесінде 7-разрядты газ-электрдәнекерлеуші болып жұмыс істеді. Бұл қызмет барысында ол су құбырлары мен инженерлік желілердің күрделі жөндеу жұмыстарын орындап, мекеме жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосты. Жылдар бойы жинаған тәжірибесі, техникалық сауаттылығы мен жауапкершілігінің арқасында әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды.

2024 жылдың сәуір айынан бастап Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-де апатты қалпына келтіру жұмыстары бөлімінің учаске басшысы қызметін атқарып келеді. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Қаланың су жүйесіндегі ақауларды дер кезінде анықтау, бригадалардың жұмысын ұйымдастыру, авариялық жағдайларда жедел шешім қабылдау – оның күнделікті қызметінің ажырамас бөлігі.

Ұжым арасында Шамғали Мейрамбекұлы өз ісіне адалдығымен, тапсырылған міндетті тиянақты орындауымен және кәсіби шеберлігімен танылған. Әріптестері оны талапшыл, бірақ әділ басшы ретінде бағалайды. Ол жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісуден жалықпайды. Оның басшылығымен атқарылған жұмыстардың сапасы жоғары болып, апатты жағдайлардың алдын алуда нақты нәтижелер көрінуде.

Су құбыры және канализация жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі – қала тұрғындарының тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Осы бағыттағы еңбектің маңызын түсінетін Шамғали Мейрамбекұлы әр істі жауапкершілікпен атқарып, қаланың инфрақұрылымының тұрақты қызметіне өз үлесін қосуда.

Шамғали Мейрамбекұлы – іскерлігімен, еңбекқорлығымен және кәсібіне деген құлшынысымен көпке үлгі болатын маман. Оның еңбек жолы – табандылықтың, адалдықтың және жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Осындай азаматтардың еңбегі қаланың дамуына, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қызмет етіп, қоғамның өркендеуіне үлес қосады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...