«Алқа» әдеби клубында жасанды интеллектің әдебиетке әсері талқыланды

«Алқа» әдеби клубында жасанды интеллектің әдебиетке әсері талқыланды

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Алқа» әдеби клубының «Жаһандану дәуіріндегі жасанды интеллектің әдебиетке әсері» тақырыбында отырыс өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға министрлік өкілдері, еліміздің түрлі өңірлерінен келген ақын-жазушылар және клуб мүшелері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллектің қазіргі әдебиеттегі рөлі, оның мүмкіндіктері мен шектеулері, сондай-ақ авторлық құқыққа қатысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, XXVIII халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі аясында «Үздік әдеби шығарма» аталымында көзге түскен жас ақынға «Алқа» әдеби клубының арнайы жүлдесі табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...

24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түрікменстан Республикасының Білім министрінің орынбасары...

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық...