Солтүстік Қазақстан облысында әскери қызметшілердің мектеп оқушыларымен және жұмысшы жастармен кездесулері өтті

Солтүстік Қазақстан облысында әскери қызметшілердің мектеп оқушыларымен және жұмысшы жастармен кездесулері өтті

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Солтүстік Қазақстан облысында «Біртұтас ел – біртұтас жер» акциясы аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Топ құрамында бейінді департаменттердің өкілдері және ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қызметкерлері бар, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Петропавл қаласында әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі, аумақтық қорғаныс бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың жұмысшы жастарымен кездесулері ұйымдастырылды. Қала мектептерінде офицерлер жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі және әскери борышын өтегендерге берілетін жеңілдіктер туралы айтып берді.

– Мерзімді қызмет борышыңды өтеу ғана емес, ол білім алу мен жұмыспен қамтуға жол ашатын мүмкіндік, – деп атап өтті полковник Мұрат Ағыбаев.

Новоникольск және Бескөл ауылдарында әкімшілік пен білім бөлімі өкілдерімен әскери-патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды және оқушылармен кездесулер өтті. Әскери-тарихи музейдің қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме экспозициясын және Қарулы күштер туралы бейнематериалдарды көрсетіп, орталықтың шығармашылық ұжымы концерт қойды.
Қорғаныс министрлігінің офицерлері жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлеріне видеоконференция арқылы сабақ өткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...