Жол құрылысы бақылауда!

Жол құрылысы бақылауда!

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Жалпы биыл шаһарда 21, 9 шақырымдық 9 магистарды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Б.Момышұлы, Бәйтереков, Рысқұлов, Тәшенов, Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан және Клара Цеткин көшелері бар.

Мәселен, дәл қазіргі уақытта Бәйтереков көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу жұмыстары атқарылуда. Жөнделетін көшенің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жауапты мердігер мекеме – «Профиленд» ЖШС.

Жалпы жол құрылыстары жоспар бойынша қараша айының соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан негізгі су...