Шымкенттегі әрбір мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта қалыптастырылған

Шымкенттегі әрбір мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта қалыптастырылған

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында жұмысшы топ құрылып, Абай ауданында орналасқан әлеуметтік нысандарға мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, нысан иелеріне «Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау туралы» №39-заңына сәйкес, әлеуметтік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта қалыптастыруға міндетті екендігін түсіндіріліп, сала мамандары тарапынан құқықтық кеңестер берілді.

Айта кетейік бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан негізгі су...