ММУ филиалы экономикалық блоктың мемлекеттік қызметшілерін даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынды

ММУ филиалы экономикалық блоктың мемлекеттік қызметшілерін даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының директоры Александр Сидоровичпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында филиал директоры 2024 жылы магистратурада қосымша орын бөлудің нәтижесінде бірқатар заманауи білім беру бағдарламасы іске қосылғанын атап өтті. Олардың ішінде: «Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері», «Математика және деректерді талдау әдістері», «Мәдениетаралық коммуникация және аударма», «Қалалар мен өңірлердің төмен көміртекті дамуын басқару», «Қазіргі экономикадағы статистика және деректерді басқару» бар.

Бүгінде филиалда 717 студент оқыса, оның 523-і бакалавриатта, 194-і магистратурада. 2025-2026 жылдарға жаңа бағыттар бойынша бакалавриатқа қабылдау 90 орынға кеңейтілді (50 – 2025 жылы және 40 – 2026 жылы). Түлектер тарапынан қызығушылықтың артуы жаңартылған бағдарламаның қажеттілігін көрсетіп, магистратураны одан әрі дамытуға негіз болды.

Кездесу кезінде Александр Сидорович 2026 оқу жылында экономикалық блоктың мемлекеттік қызметшілерін ММУ «Ұлттық экономика және экономикалық саясат» кешкі магистрлік бағдарламасы бойынша екі жыл мерзімге оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Талапкерлердің тізімі болған жағдайда ММУ филиалы түсу емтихандарына сәтті дайындалу үшін бірқатар дәріс ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырады.

Жиын соңында Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы министрлігімен және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілерді іріктеу тәртібімен қатар осындай оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін жан-жақты пысықтауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...