Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары биыл сапалы электр қуатымен қамтылады

Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары биыл сапалы электр қуатымен қамтылады

Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмысы ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін 3 мыңға жуық электр бағаналары орнатылып, құрылыс жұмыстарының 40 % аяқталды.

Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан қарқынды жүруде. Яғни, елдімекенді сапалы электр қуатымен қамту үшін 4 бригадада 20-дан астам коммуналдық қызметкер жұмылдырылған. Құрылыс жұмысы 2021 жылдың соңына дейін аяқталып, жобаға сәйкес, шағын ауданда орналасқан 2318 тұрғын үй электр қуатымен қамтылады.

Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы ауыз су мәселесі де биыл шешімін таппақ. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 95 % аяқталды. Аталған шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылатын болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...