Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапарға ерекше мән беріп отырғанын және келіссөздердің табысты өтетініне сенімді екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы екі ел үкіметтерінің белсенді әрі үйлесімді жұмысының арқасында Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретініне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен екіжақты тауар айналымының көлемін таяу арада 30 миллиард долларға дейін арттыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін еске салды.

Президент Ресей Федерациясы Қазақстан экономикасына қаржы салған жетекші инвесторлардың бірі болып отырғанына назар аударды. Былтыр жалпы инвестиция көлемі 4 миллиард долларға жетті.

Мемлекет басшысы елімізде көптеген ресейлік компания жемісті жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.

Денис Мантуров қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдіріп, ресейлік тараптың екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.

Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары тараптар бірлескен жобаларды дамытуға берік негіз қалағанын айтып, олардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Денис Мантуровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...