Мобильді бригадалардың жұмысы қатаң бақылауда

Мобильді бригадалардың жұмысы қатаң бақылауда

Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалардың жұмысы қатаң бақылауда. Мобильді топ қызметкерлердің науқастарға үй жағдайында дұрыс амбулаторлық қызмет көрсетуін ситуациялық орталықтағы мамандар үйлестіріп отырады. Бұл жұмыстар кешегі өткен штаб отырысында қала әкімі М.Әйтенов берген тапсырма негізінде жүзеге асырылып отыр.

Бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов емханаларды аралап, мобильді бригадалардың жұмысын үйлестіретін ситуациялық орталықтың жұмысын бақылап шықты.

Мобильді топтың құрамына жалпы тәжірибелі дәрігер, терапевт, педиатор және медбике кіреді. Науқастың денсаулығын тексерген мамандар одан ПТР-сынама алды. Нәтижесі кейінірек белгілі болады.

Қазіргі таңда 39 мемлекеттік және жекеменшік емханада шақыртуға баратын 216 мобильді бригада және 45 онлайн консультация беретін бригада жұмыс істеуде.

Бригада қызметкерлері Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық аурудың белгілері барпациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетіп, ковидкекүдікті пациенттерден жедел ПТР сынамасын алады

Шымкент қаласы қазір коронавирус індеті өршіп тұрған аймақтардың қатарынада. Қауіптіліктің қою қызыл деңгейі жарияланды. Жағдайды бақылауда ұстауға барлық сала жұмылдырылған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...