Қызылорда облысында құрылыс қарқыны күшейтілді

Қызылорда облысында құрылыс қарқыны күшейтілді

Қызылорда облысында құрылыс саласының даму барысы мен маңызды нысандардың іске асу мерзімі ерекше бақылауда. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегі құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасы талқыланды. Жиынға қала және аудан әкімдері мен жауапты сала жетекшілері қатысты.

Облыс әкімі биыл жоспарланған әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды уақытылы әрі сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті. Ол құрылыс материалдарының сапасын тұрақты тексеруді, бөлінген бюджет қаржысын тиімді жұмсауды және жаңа мектептер мен тұрғын үйлердің сапасына қатаң бақылау орнатуды тапсырды.

Биыл құрылыс саласына 170,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1 есе көп, ал саланың даму қарқыны айтарлықтай артқан. Соңғы жылдары облыста әлеуметтік және мәдени маңызы бар бірқатар ірі нысандар іске қосылды. Мәселен, сол жағалауда физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты, музыкалық колледж, тарихи-өлкетану музейі, шығармашылық-инновациялық орталық, «Келешек мектептері» және «Руханият орталықтары» пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Қайсар» футбол клубының 11 мың орындық жаңа стадионы да ел игілігіне табысталды.

Жыл соңына дейін сол жағалаудағы спорт кешені мен «Достық үйі» пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Арал ауданының Жалаңаш ауылында 150 орындық жаңа мектеп, ал аудандарда орталық ауруханаларды жаңғырту жұмыстары аяқталуда.

Қазіргі уақытта «Қызылорда Арена» спорт кешені мен 300 төсектік заманауи көпсалалы аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл нысандар аймақ халқының өмір сапасын арттыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі e-SEN платформасында «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін...

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...