Қызылордада жаңа нан өнімдері кешені жұмысын бастады

Қызылордада жаңа нан өнімдері кешені жұмысын бастады

Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік және өндірістік дамуына серпін беретін жаңа жоба іске қосылды. «Қызылорда-Нан» серіктестігіне тиесілі нан өнімдері кешенінің ашылу рәсімі өтіп, шараға аймақ басшылығы, зиялы қауым мен қала тұрғындары қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналған қауымды жаңа кәсіпорынның іске қосылуымен құттықтап, өңір экономикасына инвестиция тарту ісінің табысты жүзеге асып жатқанын атап өтті. Соңғы жылдары Қызылорда облысында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасып, ірі жобалар жүзеге асуда. 2022–2024 жылдар аралығында аймақ экономикасына шамамен 1,6 триллион теңге инвестиция тартылған. Биылдың өзінде бұл көрсеткіш 631 миллиард теңгеден асты.

Жаңа нан өнімдері кешенінің жалпы құны 5,6 миллиард теңге, оның ішінде 1,2 миллиард теңге жеңілдетілген несие ретінде беріліп, пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. Мемлекет тарапынан 5 гектар жер бөлініп, қажетті инфрақұрылым тартылған. Бірінші кезеңде 3,1 миллиард теңгеге заманауи, толық автоматтандырылған төрт өндірістік цех іске қосылды. Ал екінші кезеңде ұн комбинатының құрылысы жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда жаңа кешенде 120 адам тұрақты жұмысқа орналасқан, алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 170-ке дейін ұлғаймақ. Бұл жоба өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті өндірісті дамытуға да ықпал етпек.

Шара соңында еңбек ардагерлері мен инвесторлар марапатталып, жаңа кәсіпорынның табысты дамуына тілектер айтылды. Осылайша, Қызылордада 30 жыл үзілістен кейін нан өндірісінің дәстүрі қайта жанданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...