Шымкент: Иран тауар өндірушілерінің III сауда-өнеркәсіптік көрмесі басталды

Шымкент: Иран тауар өндірушілерінің III сауда-өнеркәсіптік көрмесі басталды

Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтіп жатыр. 12 қазан тауар өндірушілердің дәстүрлі іс-шарасының ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукар және тағы басқа қонақтар қатысты.

Көрмеге Иран елінің 20-дан астам кәсіпорны өкілдері келген. Негізінен, құрылыс саласы, ауылшаруашылығы, инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттағы жетекші ирандық компаниялар өз өнімдерін ұсынуда.

Дәстүрлі көрме Шымкент қаласында биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Қала әкімінің орынбасары көрмені аралап, аталған іс-шара Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге, инвестициялық жобаларды ілгерілетуге және жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін ашуға ықпал еткенін атап өтті.

Көрмеге Иранның сауда палатасы, «Нуре Тус» экспорты басқару орталығы, сондай-ақ, Иран мен Қазақстанның іскерлік қауымдастықтары қатысып, отандық кәсіпкерлермен тікелей әріптестік байланыс орнатты.

Қазақстан тарапынан іс-шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері де шақырылған.

Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін мұндай көрмелер шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және өз өнімдерін халықаралық деңгейде таныстыруға тамаша мүмкіндік болып табылады. Қаладағы индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтар шетелдік инвесторларға тиімді жағдай ұсынатыны да айтылды.

Екіжақты кездесу барысында тараптар логистика мен сауда қатынастарын дамыту, өзара өнім жеткізу көлемін арттыру және жаңа бағыттар бойынша серіктестік орнату мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Иран тарапы Шымкентте бірлескен өндіріс ашуға қызығушылық білдірді.

Көрменің басты мақсаты – Қазақстан мен Иран арасындағы экономикалық серіктестікті нығайтып, өзара сенім мен ұзақмерзімді әріптестікке жол ашу. Мұндай халықаралық шаралар аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырып, Шымкенттің Орталық Азиядағы іскерлік және өнеркәсіптік орталық ретіндегі рөлін күшейтеді.

Айта кетсек, сауда-өнеркәсіптік көрме 15 қазанға дейін жалғасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...