Қазақстан – академиялық білім аймағы: халықаралық серіктестік жаңа деңгейде

Қазақстан – академиялық білім аймағы: халықаралық серіктестік жаңа деңгейде

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Форум білім және ғылым саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайту мен жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға арналды.

Іс-шара барысында стратегиялық серіктестер кеңесінің құрылғаны атап өтілді. Кеңес институционалдық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және ортақ міндеттерді бірлесе шешуге бағытталған. Бүгінгі күнге дейін Кеңестің үш отырысы өткізілді.

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) ректоры Анатолий Торкунов Қазақстанның Ресей үшін білім саласындағы сенімді серіктес әрі одақтас екенін айтты. Ол Астанада ММХҚИ филиалының ашылуының стратегиялық маңызын атап өтіп, бұл бастама біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру мен болашақ көшбасшыларды даярлауда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Ербол Исақаев өңірлік жоғары оқу орны үлгісінде Аризона университетімен ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер арқылы академиялық әріптестікті ғылыми серіктестікке айналдыру тәжірибесін таныстырды. Сондай-ақ академиялық және зерттеу жетістіктері орталығын құру нәтижелері ұсынылды.

Қорытынды сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына мазмұнды баяндамалары мен сындарлы ұсыныстары үшін алғыс білдіріп, Қазақстан өз университеттерін жан-жақты дамыту саясатын одан әрі жалғастыратынын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...