«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілді

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілді

Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және еліміздің ірі қалаларының тұрғындарына тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Zakon.kz желілік басылымның және PRG ақпараттық жүйесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Азаматтарға адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, заң қоғамдастығының өкілдері тегін заң консультация берілді, сондай-ақ ЖОО жанындағы заң клиникалары базасында консультациялық қызметтер көрсететін ерікті студенттер тартылды.

Акция қорытындысы бойынша 100 мыңнан астам азамат тегін заң көмегін алды. Жалпы іс-шара 200-ден астам елді мекенде (90 қалада және 164 ауданда және ауылдық округтерде) құқық саласындағы 5 мыңнан астам сарапшылардың қатысуымен өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батыс Қазақстан облысының өңірлік комиссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайын жергілікті жерде бағалау үшін «Алтын...

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...