Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қызылорда қаласы

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында аяқталды. Сондай-ақ «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 миллион теңге қаржы бөлді.

Заманауи үлгіде салынған орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 52 қызметкер жұмыс істейді.

Бүгінде онда 280 бала үстел теннисімен тұрақты түрде шұғылданады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батыс Қазақстан облысының өңірлік комиссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайын жергілікті жерде бағалау үшін «Алтын...

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...