Шымкент қаласында азаматтардың әлеуметтік, тұрмыстық және еңбек мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қабылдау барысында басқарма басшылары мен аудан әкімдері де өз салалары бойынша азаматтардың өтініштерін қарады.
Азаматтармен тікелей кездесу барысында ең жиі көтерілген мәселелердің бірі – жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек болды. Көптеген тұрғындар шипажайға жолдама алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектігі бар азаматтарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жайында сұрақтар қойды. Бұл мәселелер Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдерінің қатысуымен талқыланды.
Басқарма мамандары әрбір тұрғынның өтінісін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кейбір сұрақтар сол жерде шешімін тапса, күрделі және уақытты қажет ететін өтініштер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Мұндай тәсіл тұрғындардың мәселесін жедел қарауға және шешім қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық қабылдау – тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы ашық диалог орнатудың тиімді алаңы. Мұнда әрбір азамат өз өтінішін тікелей жеткізіп, нақты жауап алу мүмкіндігіне ие. Әкім мен басқарма басшыларының жеке қабылдауы азаматтардың сенімін арттырып қана қоймай, мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Қабылдау барысында мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейту мәселелері де талқыланды. Әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдері бұл бағытта арнайы жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатқанын, азаматтардың өтініштері соған сәйкес қаралатынын түсіндірді.
Мұндай қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың билікке деген сенімін нығайтып, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына ашықтық пен тиімділік береді. Әрбір азаматтың өз мәселесін тікелей жеткізуге мүмкіндік алуы — мемлекеттік қызметтің адамға бағытталғандығын көрсетеді.
Шымкент қаласында тұрғындармен осындай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Бұл — халықтың сұранысын ескеріп, әрбір өтінішті нақты іс-шараға айналдыруға бағытталған жүйелі саясаттың көрінісі.

