Шымкентте алты айда 77 миллион дана жұмыртқа өндірілді

Шымкентте алты айда 77 миллион дана жұмыртқа өндірілді

Шымкент қаласында биылғы жылдың алты айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17,2 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан. Осы уақыт ішінде 8,7 мың тоннадан астам ет, 26,3 тонна сүт және 77,7 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Есепті кезеңде ірі қара мал саны 82,8 мың басты, қой мен ешкі саны 113 мың басты, жылқы 14,8 мың басты, құс 975,6 мың басты құрап отыр.

Қалада жануарларға аса қауіпті 14 түрлі ауруға қарсы 1 508 815 басқа ауыл шаруашылығы жануарларына екпе егілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты...