Вице-министр Рахымжан Исақұлов Қазақстанның өнеркәсіптік бастамаларын Бакуде ұсынды

Вице-министр Рахымжан Исақұлов Қазақстанның өнеркәсіптік бастамаларын Бакуде ұсынды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріРахымжан Исақұлов Баку қаласында өткен Түркімемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Өнеркәсіпғылым, технология және инновация министрлерінің 2-ші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қатысушылар өнеркәсіпғылым, технология және инновация саласындағыынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Рахымжан Исақұлов баяндама жасап, Қазақстанның өнеркәсіптік бастамаларын, инновациялық экожүйені, цифрландыруды және шығармашылық экономиканы дамыту бойынша бастамаларын атап өтті.

Іс-шараны Әзербайжан Республикасының Экономика министрі Микайыл Джаббаровбасқарды, оған ТМҰ Бас хатшысы, Қырғызстан Республикасының, Түркияның, Өзбекстан Республикасының министрлері және Әзербайжандағы Венгрия елшісі қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Декларация қабылданды және ТМҰ-ның 2025-2026 жылдарға арналған жаңартылған іс-қимыл жоспары бекітілді.

Келесі жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация министрлерінің 3-ші кездесуі Қазақстанда өткізілуіжоспарланғанын атап өткен жөн.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батыс Қазақстан облысының өңірлік комиссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайын жергілікті жерде бағалау үшін «Алтын...

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...