Қоғамға бейімдеу мен еңбекке тартудағы тиімді қадамдар

Қоғамға бейімдеу мен еңбекке тартудағы тиімді қадамдар

Шымкент қаласында пробация қызметі есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру бағытында кешенді шаралар жалғасуда. Бұл бастама — әлеуметтік әділдікті орнату, қоғамнан оқшауланған азаматтардың қайта бейімделуіне мүмкіндік беру және олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыс.

Жуырда Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығында қалалық прокуратура, пробация және полиция департаменттері, аудан әкімдіктері мен жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесудің басты мақсаты – пробация қызметінің есебіндегі және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдау мен еңбекке орналастыру тетіктерін талқылау болды.

2025 жылға арналған қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, аталған санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 29 кәсіпорын мен ұйымдарда 96 жұмыс орнына квота белгіленген. Оның ішінде 52 орын – пробация есебіндегі азаматтарға, ал 44 орын – түрмеден босатылған адамдарға арналған. Бұл квоталар қоғамға қайта оралып жатқан азаматтарға еңбек арқылы жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда 29 пробация есебіндегі және 12 бас бостандығынан босатылған азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұдан бөлек, 12 адам квота шегінен тыс жұмысқа жолданып, 4 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. Ал бір адам «Күміс жас» жобасы аясында еңбекке орналастырылды. Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша 3 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Қаладағы бірқатар кәсіпорындар белгіленген квоталарды толық орындады. Олардың қатарында:

  • «Жасыл белдеу» КММ,
  • «Текстильная фабрика B.A.E.R» ЖШС,
  • «ВИЗиТ алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС,
  • «Қаратау» КММ,
  • «Альянс Траст» ЖШС,
  • «АРТ-Құрылыс» ЖШС бар.

Бұл кәсіпорындардың бастамасы – әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Олардың қолдауы арқылы көптеген азаматтар тұрақты табысқа ие болып, жаңа өмірге қадам басуда.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ғимаратында enbek.kz электронды еңбек биржасы туралы ақпарат беруге арналған арнайы бұрыш ашылды. Мұнда азаматтарға онлайн тіркелу, бос жұмыс орындарына өтініш беру және оқыту курстарына қатысу жолдары түсіндіріледі. Бүгінге дейін 100-ге жуық адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Пробация қызметі мен қала әкімдігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастамалар қоғамдағы бейімделу деңгейін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Ең бастысы – бұрынғы қателіктерінен сабақ алған азаматтарға жаңа мүмкіндік беру және оларды қоғамның толыққанды мүшесіне айналдыру.

Шымкент қаласы әкімдігі мен пробация қызметі әлеуметтік осал топтағы азаматтарды еңбекке тарту мен кәсіби бейімдеуді алдағы уақытта да жалғастырып, әрбір адамға жаңа өмірге жол ашуды басты міндет етіп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...