Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.

Қабылдаудағы мәселелердің басым көпшілігі қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағын аудандардағы ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіп нысандары мен спорттық алаңшаларға, сондай-ақ, қаланы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге қатысты болды.

Мәселе дер кезінде шешімін табуы үшін Мақсұт Пернебайұлы басқарма басшыларына тұрғындарға кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, орындалуы тиіс шараларды уақыт созбай қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді.

Тұрғындар қабылдауға қала әкімдігінің ресми сайтына өтінім қалдыру арқылы және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын ала жазылған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...