Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталуына орай Ливан Елшісін қабылдады

Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталуына орай Ливан Елшісін қабылдады

Астана, 2025 жылғы 10 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты Ливан Республикасының Елшісі Жискар Әл-Хуриді қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Министрдің орынбасары Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Ж.Әл-Хуриге ризашылық білдірді.

Өз кезегінде ливандық дипломат екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың одан әрі табысты дамуына сенім білдіре отырып, жан-жақты қолдау мен қонақжайлылық үшін қазақ тарапына алғысын білдірді.

Кездесу соңында Ливан Елшісіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің алғыс хаты табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үлкен нарықтағы барлық тұтынушыға бірдей ұсыныс жасау әрдайым тиімді емес. Адамдардың табыс деңгейі, жасы, қажеттілігі, сатып алу әдеті және белгілі бір өнімге...