ҮЕҰ өкілдерімен туризм және спорт саласын дамыту мәселесі талқыланды

ҮЕҰ өкілдерімен туризм және спорт саласын дамыту мәселесі талқыланды

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтық қоғам өкілдерімен ашық диалог орнатып, туризм және спорт саласын дамытудағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылау, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуге ҮЕҰ өкілдерінен бөлек, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Туризм индустриясы комитетінің және Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің басшылары қатысып, министрліктің 2025 жылдың алғашқы тоғыз айындағы қызметі мен негізгі көрсеткіштері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын дамыту, туристік бағыттарды ілгерілету және саланың ашықтығын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері саланың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, спорт инфрақұрылымының қолжетімділігі, жергілікті туризмді дамыту, спорттағы инклюзия және бұқаралық спортты кеңейту бағыттары сөз болды. Сонымен қатар туристік қауіпсіздік пен қызмет сапасын арттыру, балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсету бойынша ұсыныстар айтылды.

ҮЕҰ өкілдері министрлікпен тұрақты коммуникацияны қалыптастыру және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға азаматтық қоғамды кеңінен тарту қажеттігін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...