ҚР ТЖМ: Өрттің алдын алу мен жедел әрекет етудің жаңа моделін енгізу өзінің тиімділігін дәлелдеді

ҚР ТЖМ: Өрттің алдын алу мен жедел әрекет етудің жаңа моделін енгізу өзінің тиімділігін дәлелдеді
Төтенше жағдайлар министрлігі ел аумағында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасын іске асырып жатыр. Жаңа бағдарлама ауылдық жерлерде ерікті өрт сөндіру жүйесін нығайтуда. Тек биылдың өзінде 50 өрт сөндіру пункті құрылып, қажетті техникамен, киім-кешекпен қамтамасыз етілді, 21 пункт қайта жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы 69 пункт құру жоспарда бар. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктер құратын өрт сөндіру бекеттеріне өрт техникасын жеткізіп жатыр. Бұл жайында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...