Түркістан қаласында қоқыс жәшіктері жаңартылып, санитарлық тазалық деңгейі артуда

Түркістан қаласында қоқыс жәшіктері жаңартылып, санитарлық тазалық деңгейі артуда

Қаланың көркі мен тұрғындардың өмір сапасы көбінесе оның тазалығына тікелей байланысты. Қоғамдық мәдениет пен экологиялық жауапкершілік деңгейінің көрінісі ретінде қаладағы санитарлық жағдай жыл сайынғы урбанизация мен халық тығыздығының артуына сай жаңартуды қажет етеді. Осы орайда, Түркістан қаласында санитарлық тазалықты жақсарту, қоқыс жинау инфрақұрылымын дамыту және тұрмыстық қалдықтарды басқару ісі жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Қала әкімдігінің бастамасымен қоқыс жәшіктерін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Қазіргі таңда 500-ден астам жаңа қоқыс контейнері қаланың әртүрлі бөліктеріне орнатылды. Бұл тек эстетикалық қана емес, сонымен қатар экологиялық тұрғыда да маңызды қадам болып отыр. Жарамсыз немесе тозығы жеткен контейнерлер ауыстырылып, жаңалары қойылған. Бұған қоса, бұрын арнайы жәшік қойылмаған аумақтар да назардан тыс қалмады. Енді ол жерлерде де тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған арнайы орындар бар.

Бүгінде Түркістан қаласының аумағында жалпы саны 875 көше бар. Қалалық коммуналдық мекемелердің мәліметінше, бұл көшелер тазалық жүргізу жиілігіне қарай үш санатқа бөлінген. Атап айтқанда, қаладағы 30 көше күн сайын тазаланады, 120 көше аптасына үш рет, ал қалған 725 көше аптасына бір мәрте санитарлық тазалаудан өтеді. Мұндай жіктеу ресурстарды тиімді пайдалануға және тазалықты жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қала көшелеріндегі қоқыстарды уақтылы шығару және контейнерлерді залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың алдын алудың да бір жолы. Қазіргі заман талабына сай, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – кез келген мегаполис немесе қарқынды дамып келе жатқан қала үшін өзекті мәселе. Бұл мәселеге жауапты түрде қарау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір тұрғынның азаматтық борышы.

Жаңа жәшіктердің орнатылуы тек көзге көрінетін тазалықты қамтамасыз етіп қоймай, экологиялық сананы да қалыптастырады. Түркістан қаласы «Ақылды қала» қағидаттарына сүйене отырып, болашақта қоқыс жинау жүйесіне цифрлық бақылау элементтерін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде қалдықтарды басқару процестерін нақты әрі тиімді етуге ықпал етеді.

Бұған қоса, қалалық әкімдік пен коммуналдық қызметтер тұрғындармен бірлесе жұмыс істеу бағытында түрлі экологиялық акциялар мен сенбіліктер ұйымдастыруда. Тұрғындар арасында «Қала – өз үйіміз» деген ұстаным қалыптастырып, көпшілік жауапкершілігін арттыру маңызды болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс жастар ұйымдары мен еріктілердің де белсенді қатысуымен жүргізіліп келеді.

Түркістан қаласында жүзеге асып жатқан бұл игі істер елді мекеннің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтардың бейберекет тасталуына жол бермеуге, сондай-ақ, қаланың санитарлық тазалығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Тазалық сақтау мәдениеті қалыптасқан орта – дені сау қоғамның, дамыған қаланың көрсеткіші екені сөзсіз.

Жалпы, қоқыс жәшіктерін жаңарту мен инфрақұрылымды жетілдіру Түркістан қаласының заманауи әрі жайлы қала ретінде дамуына қосымша серпін береді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін мұндай қолайлы жағдайлар жасалуы — өңірдің тұрақты дамуы мен әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жолындағы нақты қадамдардың бірі. Санитарлық тазалық пен экологиялық тәртіп — ұрпаққа қалатын құндылық, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...