Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді.

Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.

Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...

Премьер-министр Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына...