Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді

 АҚШ, Нью-Йорк қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес басшысы Антониу Коштаға ілтипат білдіріп, Қазақстан Ұйыммен екіжақты негізде, сондай-ақ C5+ форматы аясында серіктестікті арттыруды берік ұстанатынын жеткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды ілгерілетуге бағытталған саяси диалогтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды жалғастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

АҚШ-та өтіп жатқан FIRST Championship әлемдік робототехника чемпионатында Қазақстаннан шамамен 230 оқушы өнер көрсетудеХьюстон қаласында жыл сайын...