Еңбек адамы – теміржолдың тірегі

Еңбек адамы – теміржолдың тірегі

Теміржол – тек көлік қатынасы ғана емес, ел экономикасының күретамырына айналған сала. Оның үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуі – осы бағытта тер төгіп жүрген мыңдаған мамандардың арқасы. Осындай білікті теміржолшылардың бірі – Джумасеитов Данияр. Ол бұл салада 25 жылдан астам уақыт бойы адал еңбек етіп келеді. Оның кәсіби жолы мен еңбекке деген адалдығы – жас мамандар үшін үлгі боларлық өмір жолы.

Данияр Джумасеитов еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында машинисттің көмекшісі ретінде бастаған. Бастапқыда қарапайым техникалық міндеттерді орындай жүріп, ол теміржолдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын терең түсінді. Жылдар өте келе өзінің білімін жетілдіріп, тәжірибесін арттырып, кәсіби тұрғыда шыңдала түсті.

Қазіргі таңда ол аға машинист-нұсқаушы қызметін атқарып келеді. Бұл лауазым – теміржолдағы аса маңызды бағыттардың бірі, себебі аға машинисттер тек пойызды басқару ғана емес, жас машинистерді үйрету, оларға тәжірибе мен білім беру ісіне де жауапты. Джумасеитов Данияр бүгінде жас мамандарды үйретіп, олардың кәсіби қалыптасуына зор үлес қосып жүр. Бұл — оның тек кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар тәлімгерлік қабілеті де жоғары екенін білдіреді.

Даниярдың қызметіне деген жауапкершілігі, еңбекқорлығы, уақытпен санаспай жұмыс істеуі әріптестері тарапынан жоғары бағаланады. Ол жұмыс барысында үнемі тәртіп пен қауіпсіздікті басты орынға қояды. Осындай талапшыл әрі әділ көзқарасы оны ұжым арасында беделді қызметкерлердің қатарына қосып отыр. Жас теміржолшылар үшін ол тек ұстаз емес, сонымен қатар нағыз еңбек адамының жарқын бейнесі.

Теміржол саласының ерекшелігі – мұнда қателікке орын жоқ. Әрбір бұйрық, әрбір қозғалыс пен шешім нақты әрі уақтылы болуы тиіс. Сондықтан мұндай салада Данияр сынды кәсіби білікті, тәртіпке берік мамандардың болуы – үлкен жетістік. Оның еңбек жолы – табандылық пен кәсібиліктің нақты дәлелі.

Елдің инфрақұрылымын дамытуда, өңірлер арасындағы байланысты нығайтуда теміржолдың маңызы зор. Ал бұл саланың тірегі – білікті кадрлар. Джумасеитов Данияр сынды мамандардың еңбегі арқылы ғана бұл сала үздіксіз дамып, жаңа жетістіктерге қол жеткізуде.

Қорыта айтқанда, Даниярдың еңбегі – елге қызмет етудің, мамандыққа адал болудың, жас буынға бағыт-бағдар берудің нақты көрінісі. Осындай азаматтар – Қазақстан теміржолының алтын қоры.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық...