Түркістан қаласында World CleanUp Day сенбілік шарасы өтті

Түркістан қаласында World CleanUp Day сенбілік шарасы өтті

Бүгін облыс орталығы, киелі шаһар Түркістан қаласында  халықаралық World CleanUp Day іс-шарасы аясында кең көлемді сенбілік шарасы ұйымдастырылды.

Кезекті сенбілікке қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мен түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және еріктілер қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында жалпы 1000нан адам астам, 22 арнайы техника жұмылдырылып, Б.Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесі аралығындағы аумақта шөптер шабылып, аяқ жолдар тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Түркістан қаласы әкімдігі қала тұрғындарын тазалыққа белсене атсалысуға және өздері тұратын аймақтарды таза ұстауға шақырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй...

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституция деңгейінде қорғау қажеттігі туралы пікір білдірді. Осы тұрғыда ол...