Әлеуметтік маңызы бар 700-ден астам көшеге жарықшамдар орнатылады

Әлеуметтік маңызы бар 700-ден астам көшеге жарықшамдар орнатылады

Шымкент қаласы көшелерін абаттандыру мәселесінде көшелерге электр жарығын орнату жоспарланған. Қазіргі таңда қаладағы әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 220 көшесіне ғана жарықшамдар орнатылған. Биыл 324 көшеге жарықшамдар орнату, ескі жарықшамдарды ауыстыру жұмыстарын атқару көзделген. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 104 көше бойынша іскерлік орта өкілдерімен келісімшарттар түзілген. Қазіргі таңда бұл жұмыстар 31 көшеде атқарылған.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласындағы жұмыстар қаланың тыныс-тіршілігімен етене байланысты сала екенін атап өтті. Жүктелген міндетттер басқарманың әрбір қызметкерінен терең кәсібилік пен жеке жауапкершілікті талап ететінін айтып, халыққа ұсынатын қызмет арнасын жүйелеуді талап етті, деп хабарлайды No-comment.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...