«Өзгермелі климат жағдайында тұрақты болашақ құру» форумы

«Өзгермелі климат жағдайында тұрақты болашақ құру» форумы

Экологиялық саясат және мәдениет департаментінің директоры Д. Есмағамбетов 11-12 қыркүйек аралығында Прагада (Чехия) өткен «Өзгермелі климат жағдайында тұрақты болашақ құру» Форумына қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің спикері климаттың өзгеруі мәселелеріне толығырақ тоқталды. Атап айтсақ, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығының мақсатын көздей отырып, Париж келісімі аясында Қазақстанның жаһандық климаттық күн тәртібіне берік ұстаны, ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды әзірлеу. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айында су үнемдеу технологияларын енгізуге және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жаңа Су кодексі қабылданғанын атап өтті.

Өткен жылы енгізілген «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі», қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелері және мемлекет, табиғат пайдаланушылар мен жұртшылық арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған экологиялық қордың ақпараттық-коммуникациялық платформасы екеніне тоқталды.

Азаматтарды тұрғылықты жеріне жақын қоршаған ортаға әсер ететін жоспарланған құрылыс жобалары туралы хабардар ететін «қоғамдық тыңдаулар» компоненті де жеке атап өтілді.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, Д.Есмағамбетов форумға қатысушыларды 2026 жылдың сәуір айында Қазақстанда өтетін Өңірлік экологиялық саммитке шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда жоғары оқу орындарының проректорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда...

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...