Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Президентке «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыру мақсатында атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Агенттік төрағасы мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту үшін 450-ден аса кәсіпорынды қамтитын тізім дайындалғанын жеткізді. Ұлттық жекешелендіру кеңсесі әзірлеген тізімдегі компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылады.

Марат Омаровтың айтуынша, негізгі тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту жұмыстары аясында биржалық қызмет заңнама талаптары мен қазіргі нарықтық сауда жағдайларына сәйкестендірілген. Бүгінгі таңда 3 тауар биржасы жұмыс істейді, ал Агенттікке аталған саладағы мемлекеттік бақылау функциялары берілген сәтте 22 биржа болған еді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына ведомствоның алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары таныстырылды.

Кездесу соңында Президент экономиканың басты секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тергеулер мен тексерулерге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда жоғары оқу орындарының проректорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда...

Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Ұрпақтар диалогы: жастар және Қазақстанның болашағы» тақырыбында сарапшылар мен студенттердің қатысуымен...

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...